Рад приветствовать Вас на страницах своего сайта. Мы постараемся предоставить Вам исчерпывающую информацию о моей работе как депутата Маслихата. Сайт предоставляет широкие возможности для интерактивного общения со мной. В рамках портала функционирует электронная приемная, где Вы можете задать вопрос мне лично, в режиме реального времени.
  Депутат маслихата города Алматы
  Ускенов Канат Камзеевич.



26.06.2019 г. 11:49 Выставка дипломных работ выпускников 26 июня 2019 года члены Совета Алматинского городского филиала РОО «Общенациональное движение против коррупции «ЖАҢАРУ» приняли участие в церемонии ...
20.06.2019 г. 09:45 Доверие и транспарентность в отношениях гражданин-государство в контексте ЕЭС 20 июня Алматинский городской филиал РОО «ЖАҢАРУ» в соответствии с планом работы, провел заседание за «круглым столом» на тему: «Доверие ...
19.06.2019 г. 09:44 В Алматы открылся еще один коворкинг-центр для молодежи 19 июня в рамках объявленного Елбасы Года молодежи в Алматы на базе городского филиала партии «Nur Otan» открылся первый в ...
14.06.2019 г. 09:42 Бауыржан Байбек проверил ход реконструкции улиц Алматы 14 июня в ходе рабочего объезда Бауыржан Байбек проверил начало строительных работ по модернизации еще ряда улиц в рамках концепции ...





«Team Qazaqstan: жастар және сайлау»
Автор Пресс-служба депутата Каната Ускенова   
Суббота, 22 Июнь 2019

Партияның орталық аппаратында Nur Otan Talks пікірталас алаңының «Team Qazaqstan: жастар және сайлау» тақырыбына арналған кезекті отырысы өтті.

Кездесуде спикерлер өткен сайлау кезеңіндегі «Team Qazaqstan» қозғалысына қатысқан тәжірибелерін айтып, азаматтық қоғам мен ел болашағындағы жастардың рөлі жайындағы пікірлерімен бөлісті. Шараға белсенді жастар, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қатысушыларға арнаған алғы сөзінде, өткен президент сайлауына еліміздегі жастардың белсене қатысқанын, сонымен қатар үгіт-насихат жұмыстарының кең көлемде өткенін атап айтты.

– Өткен сайлаудың және Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабының бір ерекшелігі «Team Qazaqstan» жастар қанатының құрылуы. Біз мұндай ұйымды тұңғыш рет құрып тұрмыз және қателескен жоқпыз. Жастар бізге сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына өте үлкен, нәтижелі көмек көрсетті. Біз «Team Qazaqstan» ұйымымен бүкіл Қазақстанды бірге араладық, әлеуметтік желілерді қызу жұмыс істедік. Олар орасан зор үлес қосты, – деді Мәулен Әшімбаев.

Жастар қанатының тәжірибесін айта отырып, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары «Team Qazaqstan» жұмысының алдағы уақыттағы даму жоспарлармен бөлісті.

– Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен биылғы жыл Жастар жылы болып белгіленген болатын. Соңғы уақытта бұл бағытта елімізде көптеген жұмыстар атқарылды. Сонда да, қазір жастар саясатын жаңа деңгейге көтеру қажет. Біз «Team Qazaqstan» жобасын алдағы уақытта да, оның құрамындағы адамдардың әлеуетін саясиландырып алмай, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының жастарға арналған бөлігін іске асыруға пайдалануымыз керек, – деді Мәулен Әшімбаев.

Қатысушылар бірауыздан жастар – ел болашағы үшін жауапкершілікті сезінетін азаматтардың ең белсенді бөлігі деген пікірге келді.

Мемлекет басшысының Ұлттық сенім кеңесін құруы азаматтық сектор мен жастар арасында үлкен қолдауға ие болды. Бұл жайлы Nur Otan Talks алаңында «Болашақ» корпоративті қайырымдылық қорының төрағасы Динара Шәйжүнісова айтты.

– Азаматтық сектор өкілдері Ұлттық сенім кеңесіне үлкен үміт артады. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді, бұл геометриялық прогрессиямен шешім қабылдауды тездетеді. Керемет идеялар митингілерде емес, сараптамалық кеңестердің жұмысында пайда болады. Егер сізде тамаша идея болса, Сіз әрдайым қолдау табасыз, – деп атап өтті Д.Шәйжүнісова. Оның пікірінше, бұл тиімді шешімдер қабылдауға және үкіметтік емес секторды дамыту үшін қажетті заңнаманы жедел өзгерту үшін қажет.

Тележүргізуші Асхат Садырбай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға ерекше көңіл бөлетінін айтты. Бұның дәлелі «Team Qazaqstan» ұйымының және Ұлттық сенім кеңесінің құрылуы.

Nur Otan Talks пікірталасына телерадиожүргізушісі Әйгерім Есенәлі; сонымен қатар блогер, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз-қызметінің жетекшісі Ақерке Берлібай; «Қазақстан жастары Конгресі» республикалық жастарды дамыту орталығының жетекшісі Ерғазы Әзімханұлы қатысты. Пікірталастың модераторы партияның Баспасөз-қызметінің басшысы Максим Споткай болды.

Спикерлер президент сайлауындағы үгіт-насихат кезеңіндегі өздерінің тәжірибелері, «лайфхактары» және табысқа жету сырларымен бөлісе отырып, жастарды ел өмірінде белсенді қарауға шақырды.


© 2007-2009 Официальный сайт депутата
Алматинского городского
маслихата - Ускенова Каната